«Ақтөбенің» сәтсіздігіне кім кінәлі?

«Ақтөбенің» сәтсіздігіне кім кінәлі?

Футболдан ел чемпионатының аяқталуына бірнеше тур қалғандықтан, жүлделі орындар үшін жарыс қыза түсуде. Алғашқы алтылықтағы командалардың барлығында үздік үштікке кіру мүмкіндігі сақтаулы. Бірақ кей командалар нағыз шабар сәтінде ақсаңдап қалар жайы бар. Біз «Ақтөбе» туралы айтып отырмыз. «PROСПОРТ» тілшісі ақтөбеліктердің соңғы сәтсіздіктері неге байланысты екенін саралап көрді.

Кез келген команданың жақсы немесе жаман өнер көрсетуі жалғыз бапкердің қолында. Сондықтан клуб жаман нәтиже көрсетіп жүрсе, оған кінәлі ең бірінші – бапкер. Жоқ, біз Иоан Андонеге қара дақ жағайын деген ойда емеспіз. Бірақ маусым қызған шақта чемпиондыққа үміткер клубтың тізгінін ұстап, оны бәсекеге қабілетті қылу – үлкен шаруа. Әзірше, Андоне бапкер қарамағындағы футболшылардан жеңімпаз команда жасай алар емес. Румын маманы «Ақтөбе» тізгінінде төрт матч өткізіп, оның екеуінде үш ұпайға қол жеткізсе, екеуінде жеңіліс тапқан. Осы соңғы төрт кездесуде ақтөбелік ұжымның негізгі құрамында әр түрлі өзгерістер болды. Кешегі «Ертістен» жеңілісінен соң келесі матчтарда Андоне тағы да өзгертулер енгізуі әбден мүмкін. Демек Иоан мырза «Ақтөбені» дұрыс бағытқа қоя алмай жүр.

«Ақтөбенің» сәтсіздіктеріне тағы себеп – шабуылшылар. Қазір құрамда екі орталық шабуылшы Сергей Хижниченко мен Данило Сирино бар. Бұл екі форвард та өте жиі сынға ілігеді. Сергей осы маусымда 20 матч өткізіп, 8 рет қанжығасын майлаған. Оның ішінде, «Оқжетпеске» салған хет-тригін есептеңіз. Әйтпесе, қатысқан 20 ойынының алтауында ғана көзге түсіп, қалған 14 матчта гол соға алмапты. «Ақтөбенің» соңғы үш кездесуінде («Астана», «Ордабасы» және «Ертіс») қақпашымен бірге-бір шығып, үшеуінде де мүлт кеткенін жанкүйерлер біледі. Данило Сириноның әңгімесі, тіпті, бөлек. Бразилиялық шабуылшы бүгінге дейін 16 ойын өткізіп, оның екеуінде ғана гол сала алған. Еуропа лигасында эстониялық «Нымме Калью» қақпасына екі ойында да бірнеше мүмкіндікке ие болып, оның біреуін де пайдалана алмағаны тағы бар. Қақпашысы, қорғанысы және жартылай қорғанысы білікті ойыншылардан жасақталған «Ақтөбенің» осы шабуыл бөлігі ақсап тұр. Хижниченко мен Данило дуэті әріптестерінің берген пастарын жиі голға айналдырса, «Ақтөбенің» бүгінде көш бастап келе жатуы ғажап емес еді.

Үшінші себеп – жанкүйер. «Ақтөбенің» сәтсіздігіне жанкүйерлерді кінәлай алмаймыз. Бірақ «Ақтөбе» футболшылары өз алаңында ойнағанда жанкүйерлердің мысы басады екен. Мұны футбол мамандары айтты. «Ақтөбе» ойнаса, сыйымдылығы 13 мыңға жуық Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион толы болатыны белгілі. Әрине, жанкүйерлерінің қолдауы футболшыларға ерекше күш беретіні анық. Бірақ сол ойыншылар алаңда қате жіберсе, үлкен сынға алатын да осы жанкүйерлер ғой. Дұрыс пас бермесе немесе гол соға алмаса, өз ойыншысын балағаттап, неге оны алаңға шығарғанын түсінбей отыратын жанкүйерлерді өзіміз де көріп жүрміз. Сондықтан футболшылар өз алаңында сәл қобалжып ойнайды. Мысалы, «Ақтөбе» биылғы чемпионатта өз алаңында 13 матч өткізіп, оның алтауында жеңіске жетсе, бесеуін тең аяқтаған. Тағы екі кездесуде жеңіліп қалыпты. Ал қонақтағы 12 ойынның жетеуінде жеңіске жетіп, үшеуінде тең тарқасқан. Екі ойында қарсыласына жол беріпті. Айырмашылықты көріп тұрсыз ба? «Ақтөбе» өз алаңында сәтсіз өнер көрсетеді.

Төртінші және соңғы себебіміз – «Ақтөбенің» жыры таусылмайтын стадионы. Орталық стадионды өзгелерге қарағанда кештеу алып, маусымның жартысын 3 мың адамдық, жасанды алаңы бар қосалқы стадионда өткізу – чемпиондыққа үміткер команда үшін үлкен мәселе. Бірнеше ай бойы жасанды алаңда доп теуіп, кейін табиғи алаңға ауысу қиындық тудыратынын футболға жақын жанның бәрі де біледі. «Ақтөбенің» сәтсіз сериясы осы Орталық стадионға оралумен басталды.

«Ақтөбе» соңғы алты кездесуінің төртеуінде жеңіліс тауыпты. Тез арада осы сәтсіздікке тоқтау қоймаса, соңғы он жылдан бері алғаш рет үздік үштіктен шет қалу қаупі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или