Меркель қосалқы құрамда қалды

«Удинезенің» қазақстандық ойыншысы Александр Меркель Италияның А Сериясы аясында «Лациоға» қарсы кездесуге қатыспады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Лацио» өз алаңында қонақтарға жауапсыз екі гол тоғытты. Дубль авторы – Алессандро Матри. Қазақстан құрамасының ойыншысы қосалқы құрамда қалып, ойынға қатысқан жоқ.

Үшінші турдан соң «Удинезенің» еншісінде 4 ұпай бар. Меркельдің командасы келесі ойынын 19 қыркүйекте өз алаңында «Эмполиге» қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или