Боранбаевқа тиесілі мұнай кен орны мен ірі зауыт мемлекет меншігіне қайтарылды

Боранбаевқа тиесілі мұнай кен орны мен ірі зауыт мемлекет меншігіне қайтарылды
ҚМА Қайрат Боранбаевтың тергеумен ерікті ынтымақтастығы аясында оның мүлкін мемлекет кірісіне қайтару шараларын қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық монитринг агенттігінің 19 қазан күні мәлімдеуінше, "Қаражанбас Северный" кен орны мемлекет меншігіне өтті.

"Оның өндірістік параметрлері – құны 35,4 млрд теңге болатын 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газ бар 143 ұңғыма. Боранбаев сондай-ақ тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын "Азия Газ Чунджа" газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді. Компанияның нарықтық құны 14 млрд теңгеге жуық".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Бұған қоса ведомство өкілдерінің хабарлауынша, құны 9 млрд теңге болатын "Сервисный Центр КазТурбоРемонт" ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді. Кәсіпорын жұмысшыларының саны 740 адамға тең.

"Бұл нысандардың барлығы мемлекеттік пайдасына өтеді", - делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі мәлімдемесінде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или