Қайрат Боранбаев мемлекетке қандай активтерін қайтарғаны хабарланды

Қайрат Боранбаев мемлекетке қандай активтерін қайтарғаны хабарланды

<span>«Қайрат» ФК басшысы Қайрат Боранбаевтың тағы бірнеше активі мемлекет меншігіне қайтырылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі жазды, деп хабарлайды Prosports.kz. </span>

<span>«</span>Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізіп жатыр.

Мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.

Атап айтқанда, оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан «Алмалы» сауда орталығының ғимараты, сондай-ақ жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС. «Алматы Тауэрс» бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады.

Сондай-ақ, «Fitnation» фитнес клубтар желісі мемлекет меншігіне өтті. Нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан. Бұл нысандардың барлығын қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыра отырып, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану жоспарлануда», - делінген хабарламада.

<span>Еске салайық, бұған дейін Қайрат Боранбаев жалпы құны 1,4 миллиард теңгеден асатын қонақүй кешенін өз еркімен мемлекет меншігіне беруге келіскен болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или