Лаңкестік ұйым? «Реал» аңызы Бенземаға үлкен айып тағылды
Франция ішкі істер министрі Жеральд Дарманен «Әл-Иттихад» шабуылшысы, франциялық футбол жұлдызы Кәрім Бенземаның лаңкестік ұйыммен байланысы барын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Кәрім Бензема мырзаның «Мұсылман бауырлар» ұйымымен байланысы бар», — деп келтірді министрдің сөзін Marca.
Бензема 15 қазанда Палестинаны қолдап, әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Бұл үшін оны француз журналисі Даниэль Риоло, сондай-ақ Израиль құрамасының экс-голкипері әрі «Мальорка» аңызы Дуду Ават сынға алған еді.
Фото: championat.com
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или