Зайнутдинов Қазақстан құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген атанды

Зайнутдинов Қазақстан құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген атанды

Футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Финляндияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы ойында жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов дубль жасады.

Осылайша Зайнутдинов ұлттық құрама сапындағы 13 және 14-голын соғып, құрама тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Бұған дейін рекорд Руслан Балтиевке (13 гол) тиесілі болатын.

Айта кетейік, осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасын қоржынында 15 ұпай бар, Еуро-2024 жолдамасы үшін таласты жалғастырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или