Мақсат Сейдахмет: «Тобылды» қалай да жеңуіміз керек»

Мақсат Сейдахмет: «Тобылды» қалай да жеңуіміз керек»

Қызылорданың «Қайсары» ертең өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» футбол клубын қабылдайды. Бұл Премьер-лиганың 24-туры аясында өтетін ойын. Аталмыш матчтың қарсаңында «Қайсар» футбол клубымен жолдастық кездесу өткізбек. Аталмыш матчтың қарсаңында «қасқырлардың» қақпашысы Мақсат Сейдахметпен әңгімелесіп, команданың ойынға дайындығы жайлы сұраған едік.

- Мақсат, биыл Қостанайдың «Тобылымен» екі рет кездесіп, екеуінде де ұтылғанбыз. Енді ертеңгі матчқа дайындықтарыңыз қалай?

- Иә, өкінішке қарай, биыл бұл командаға қарсы екі матчта да сәтсіз ойнаппыз. Бірақ ертең жеңеміз деген үміт басым. Команданың дайындығы жақсы. Оның үстіне, осының алдында Ақтөбеге барып, жолдастық кездесу өткізіп қайттық. Вице-чемпионды жеңіп, біраз жігерленіп алдық. Жеңісті жолды жалғастырамыз деген үміттемін.

- Айтпақшы, «Ақтөбемен» болған жолдастық кездесуде екінші таймға алаңға шығып, біраз сейвтер жасадыңыз. Жігіттер сізді матчтың қаһарманы деп жатыр...

- Мен ғана емес, барлық әріптестерім жақсы ойнады. Қорғаушылардан бастап шабуылшыларға дейін жұдырықтай жұмылып, бас бапкердің айтқанын бұлжытпай орындауға тырыстық. Әлбетте, жеңіске менің ғана еңбегім сіңген жоқ, Римо Хунт та екі гол соқты, қорғаушылар да сауатты ойнады. Естен кетпес, ойындардың бірі болды.

- «Қайсарға» келгеніңізге бір жылдай болды. Командаға үйренісіп кете алдыңыз ба?

- Маған Қызылордада барлығы ұнайды. Базада барлық жағдай жасалған. Стадионның да сапасы көңілден шығады. Клуб басшылығы да біз үшін қолдарынан келгенінің барлығын жасап жатыр. Ұжым жақсы. Біраз жігіттермен бұрыннан таныспын. Мұнда келіп жаңа достар тауып жатырмын. Бір сөзбен айтқанда «Қайсарға» келгеніме қуаныштымын.

- Былтыр Шымкенттің «Қыран» командасында ойнап, алаңға үнемі негізгі құрамда шығатын едіңіз. «Қайсарға» келіп, қосалқы құрамда отырып қалдыңыз. Бұл жағдайды карьераңыздың кері кетуі деп есептемейсіз бе?

- Осы сұқбатты пайдаланып, «Қыран» футбол клубының басшылығына алғыс білдіргім келеді. Маған сеніп, жақсы бағыт-бағдар берді. Былтырғы маусымды өте сәтті өткіздік. Өкінішке қарай, Премьер-лигаға жолдама алуға сәл ғана жетпей қалды. Иә, былтыр «Қыранда» негізгі қақпашы болдым. Бірақ Бірінші лига мен Премьер-лиганың деңгейі мүлдем бөлек. Айырмасы жер мен көктей. Сондықтан, «Қайсарға» ауысуымды карьерамда жоғары өрлеу деп есептеймін. Рас, қосалқы құрамда отырып қалдым. Бірақ бұйыртса, алдағы уақытта мақсатыма жетемін.

- «Қайсар» командасының қақпашылары арасындағы бәсекелестік жайлы не айтасың?

- Кирилл Прядкин де, Рамиль Нурмухаметов те өте шебер, тәжірибелі қақпашылар. Бұлардан үйренерім өте көп. Олардың қасында жүріп, біраз нәрсе үйреніп жүрмін. Бізде тек спорттық бәсекелестік, әйтпесе бір-бірімізбен жақсы араласамыз.

- Мақсат, басқаларға қойылып жүрген сұрақты сізге де бағыттап көрсек. Биыл «Қайсардың» сәтсіз ойнауының себебі неде?

- Шынымды айтсам, өзім де білмеймін. Жаттығуға бар күшімізді саламыз, тырысамыз, бірақ ойында жолымыз болмай жүр. Не себеп, қалайша сәтсіздікке душар болдық, бұл жайын айтып түсіндіре алмаймын. Бәлкім, үлкен жеңістеріміз әлі алда шығар. Жанкүйерлерден қолдау күтеміз. Бұл тығырықтан бірге шығамыз деген үміттемін.

- Бұрынғы бас бапкер Дмитрий Огай мен қазіргі бас бапкер Федор Щербаченконың немесе бұрынғы қақпашылар жаттықтырушысы Юрий Новиков пен қазіргі қақпашылар жаттықтырушысы Сергей Подгорныйдың қандай айырмашылықтары бар?

- «Қайсарға» сеніп шақырған Дмитрий Алексеевичке алғысым шексіз. Жалпы, әр бапкердің өз көзқарас, қадір-мінезі бар ғой. Маған бұл мамандардың қайсысымен болмасын бірге жұмыс жасау ләззат сыйлады. Юрий Алексеевич Новиков пен Сергей Владимирович Подгорный да өз істерінің хас шеберлері. Өз үшін көп жаңалық аштым.

«Қайсар» ФК ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или