Бельгияда ЕURO-2024 іріктеу матчының алдында екі адам оққа ұшты

Бельгияда ЕURO-2024 іріктеу матчының алдында екі адам оққа ұшты

Брюссельде ЕURO-2024 іріктеу кезеңіндегі Бельгия мен Швеция матчы басталмас бұрын екі адам оққа ұшты. Ел билігі мұны теракт деп бағалап, ойын өткізілмей қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

РИА Новости агенттігінің жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап жазуынша, кеше түнде Бельгия астанасы Брюссельде екі адам оққа ұшты. Шабуыл кешкі сағат жетіден кейін (Астана уақыты бойынша 23:00) болған.

Белгілі болғандай, белгісіз біреу Брюссель орталығындағы ғимараттардың біріне келіп, «Аллаһу Акбар» деп айқайлап, футболдан Швеция ұлттық құрамасының формасын киген жаяу жүргіншілерге оқ жаудырған.

Қаза тапқандар - Брюссельдегі матчқа өз елінің ұлттық құрамасын қолдау үшін келген Швеция азаматтары. РБК мәліметінше, шабуыл 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі «Бельгия - Швеция» ойынына екі сағат қалғанда болған.

Швеция Сыртқы істер министрлігі елдің екі азаматының қазасы туралы ақпаратты растады.

«Біз бұл жағдайды тексеріп жатырмыз және жергілікті билікпен байланыстамыз», - деп хабардар етті ведомстводан.

CNN мәліметінше, Бельгия билігі бұл оқиғаны теракт деп атап, лаңкестік қауіптің ең жоғары деңгейі деп бағалаған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или