«Көктем-Күз 2015» Ұлттық студенттік лига ойындары өтеді

Ертең Назарбаев Университетінің спорт орталығында футболдан Ұлттық студенттік лига ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде бұқаралық спорт пен ірі спорттық жарыстарға көп көңіл бөлінуде.

Өткен жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы футбол Федерациясы арасында білім беру ұйымдарында футболды дамыту жөніндегі өзара меморандум жасалынған болатын.

2014 жылы футболдан Ұлттық студенттік лигаға Астана және Алматы қалаларының жоғары оқу орындарының командалары қатысса, биыл футболдан студенттердің ұлттық лигасы Қарағанды және Шымкент қалаларының жоғары оқу орындарының командаларымен толықты. Бұл студенттердің ұлттық лигасының дәрежесі өскендігінің айқын дәлелі.

Аталған турнирге Назарбаев университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, Тұран-Астана университетінің және Қаржы академиясының командалары қатысады.

baq.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или