Месси екінші ұлының есімін Бенжамин деп қойды

Каталониялық «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Мессидің отбасында екінші ұл бала дүниеге келді.

Бұл туралы испан басылымы «Mundo Deportivo» хабарлап отыр.

Футболшының жары Антонелла Рокуццо екінші ұлын 11 қыркүйек күні дүниеге әкелген. Месси отбасымен ақылдаса келе ұлының есімін Бенжамин деп қойыпты.

Айта кетейік, Месси мен Антонелла Рокуццоның Тьяго есімді ұлдары 2012 жылы дүние есігін ашқан еді. Футболшы ерекше қуанышына орай каталондық клубтың «Атлетикоға» қарсы өтетін ойыны алдындағы оқу-жаттығуына қатыспады.

Массагет.кз сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или