«Бенфика» «Белененсешке» жауапсыз алты гол тоғытты

«Бенфика» футболдан Португалия чемпионатының 4-турында «Белененсешті» тас-талқан етті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Лиссабонда өткен матч Руй Витория шәкірттерінің пайдасына 6:0 есебімен аяқталды. Константинос Митроглу мен Жонас екі голдан салса, Николас Гайтан мен Андерсон Талиски бір реттен қанжығаларын майлады. «Бенфика» тоғыз ұпаймен турнир кестесінің көш басына шықты.

Естеріңізге сала кетсек, 15 қыркүйекте елордалық «Астана» Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 1-турында «Бенфикаға» қонаққа барады.

Бенфика (Лиссабон) – Белененсеш (Лиссабон) – 6:0

Голдар: Митроглу, 5 (1:0); Жонас, 17 (2:0); Жонас, 40 (3:0); Митроглу, 53 (4:0); Гайтан, 60 (5:0); Талиска, 63 (6:0).

Ескертулер: Луизао, 86 – Камара, 70.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или