Криштиану Роналдуға қамшымен 99 соққы жасалуы мүмкін

Криштиану Роналдуға қамшымен 99 соққы жасалуы мүмкін

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Иран заңын бұзғаны үшін қамшымен 99 соққы алуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі  «Матч ТВ» сайтына сілтеме жасап.

Португалия құрамасының капитаны болашақта елге оралса, жазалануы мүмкін. Себебі, осы жылы қыркүйек айында «Алтын доптың» бес дүркін иегері өнер көрсететін Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы жергілікті «Персеполис» командасымен матч өткізген болатын. Ал елге келген кезінде футболшы жанкүйерлерімен кездесті.

Олардың арасында Фатима есімді мүгедек өнерпаз да болған. Криштиану, кездесу кезінде Фатиманы құшақтап сүйіп, сол арқылы осы елдің қатаң заңдарын бұзған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или