Израильге жасалған шабуылдан кейін футболшының аяғын кесуге тура келді

Израильге жасалған шабуылдан кейін футболшының аяғын кесуге тура келді

Израильдік футбол клубының қорғаушысы Бен Биняминнің аяғы кесілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ynet хабарлағандай, футболшы ХАМАС қозғалысының Израиль аумағына жасаған шабуылы салдарынан жарақат алған. Шабуыл кезінде Бенджамин өзінің құрбысымен Газа секторымен шекаралас жерде өткен музыкалық фестивальде болған.

7 қазанда Хамас күштері Израильге 5 мыңнан астам зымыран атқылаған. Осының аясында Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир 7 қазанда елде төтенше жағдай жариялады.

Израиль премьер-министрі Нетаньяху елдің соғыс жағдайында екенін мәлімдеді. Шабуылдарға жауап ретінде Израиль әуе күштері Газа секторындағы Хамастың 21 нысанына соққы берді. Израиль армиясының Хамасқа қарсы операциясы «Темір қылыштар» деп аталды.

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 8 қазанда Израильде өз қамқорлығымен өтетін барлық матчтарды кейінге қалдырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или