Асқар Әбілдаев: «Екінші лигаға қатысушылар саны артып келеді»

Футболдан екінші лиганың қалай өтетіні жөнінде бұқаралық футбол департаментінің директоры Асқар Әбілдаев әңгімелеп берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- 10 қыркүйектен бастап Шымкентте екінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің финалдық кезеңі басталды, - дейді Асқар Зубайділдәұлы. - Қатысушы командалардың саны артып келе жатқаны қуантады және жарыст басталар алдынды Шымкент қаласының СДЮШОР №7 командасы да сынға түсетінін мәлімдеді. Сонымен, финалдық кезеңге 9 команда қатысады. Кеше алғашқы тур ойындары өте нәтижелі өтті. Финалдық ойындар 18 қыркүйекке жоспарланған. Бұл күні келесі маусымда Бірінші лигаға жолдама алатын екі команда анықталады. Финалдық турнирге Қазақстанның 6 облысының командалары қатысып жатыр. Тек қана облыс орталықтары емес, Ақсу немесе Сарань сияқты шағын қалалар да бар. Жыл сайын командалар саны артады деп үміттенеміз.

- Екінші лиганың командалары бірінші лиганың деңгейіне көтеріле ала ма?

- Әр команданың жетекшісі команда алдында тұрған міндеттерді жақсы түсінеді. Бірінші лигаға шығу - ең алдымен кәсіби біліктілігін жоғарылату. Айта кету керек, финалдық кезеңге қатысып жатырған футболшылар Бірінші және Премьер-лига клубтары жаттықтырушыларының назарына ілігуі мүмкін. Бұл ойыншылардың шеберлігін арттыруға көмектеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или