Данияның бірнеше футболшысы Қазақстанмен матчқа қатыспайды

Данияның бірнеше футболшысы Қазақстанмен матчқа қатыспайды

Дания құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасымен ойын алдында кадрлық мәселеге тап болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін жартылай қорғаушы Филип Биллингтің алдағы матчқа қатыса алмайтыны белгілі болған - ол жарақат алып, ұлттық құраманың Қазақстан және Сан-Марино құрамаларымен болатын матчтарға қатысу өтінімінен шығарылған болатын. Сондай-ақ, бұлшық етінде ақауы бар қорғаушы Саймон Кьердің матчтарға қатысуы әлі де сұрақ болып тұр, енді жартылай қорғаушы Александр Баның да жарақат алғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, Дания - Қазақстан кездесуі 14 қазаннан 15 қазанға қараған түні Копенгагенде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или