Погбаның қанынан допинг табылған соң айлығы 436 мәрте азайды
«Ювентустың» жартылай қорғаушысы Поль Погбаның сынамасынан допинг табылған соң футболшының айлығы 436 мәрте азайды.
30 жастағы француздың қайталап өткізген допинг сынамасы тестостеронға оң нәтиже берді. Қазір ол уақытта футболдан шеттетілген.
«Ювентус» футболшының қанынан допинг табылғаны үшін оған ең төменгі мөлшердегі айлықты төлеуге мәжбүр. Погба 873 мың еуроның орнына, бар болғаны 2 мың еуро айлық алады.
Погба 20 тамызда «Удинеземен» Италия чемпионатының бірінші турындағы сырт алаңда матчтан кейін алғашқы оң допинг сынамасын тапсырды, бұл тестостерон деңгейіне байланысты болды.
Погбаның Ювентуспен келісім шарты 2026 жылдың жазына дейін. Футболшының жалақысын төлеу тоқтатылды. Француз ойыншысы төрт жылға дейін жазалануы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или