Рамазан Оразов Словения чемпионатында «Коперге» жеңіске жетуге көмектесті
Футболдан 2023/24 жылғы Словения чемпионатының 12-туры аясындағы ойында «Копер» «Алюминийді» (4:1) қабылдап, ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>Команда бірінші таймда жауапсыз үш гол соғып, жеңімпазды анықтап қойды. Үзілістен кейін қарсыластар тағы бір голдан алмасты.</span>
<span>Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов негізгі құрамда шығып, алаңда 67 минут өткізді. Қазақстандық алаңда жүргенде оның командасы төрт гол соғып, өз қақпасына доп жібермеді.</span>
<span>Қазіргі уақытта Оразовтың командасы 21 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында келеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или