«Арсенал» араға 8 жыл салып, АПЛ-да алғаш рет «Манчестер Ситиді» жеңді

«Арсенал» араға 8 жыл салып, АПЛ-да алғаш рет «Манчестер Ситиді» жеңді

Англия Премьер-лигасы 8-туры аясында «Арсенал» – «Манчестер Сити» матчы өтті, деп жазады Prosports.kz.

Турдың орталық ойыны Лондонда өтті. Бұл ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голды Габриэл Мартинелли 86-минутта соқты.

Осылайша, «Арсенал» араға 8 жыл салып, АПЛ-да «Манчестер Ситиді» жеңді. Бұған дейін лондондық команда «Ситиді» АПЛ-да 2015 жылы желтоқсан айында жеңген (2:1). Содан бері 12 ойын қатарынан «Арсенал» манчестерлік команданы жеңе алған жоқ. 

Сондай-ақ Микель Артета бапкер ретінде алғаш рет «Манчестер Ситиге» қарсы ойында ұпай алды, бұған дейін өткен жеті матчта жеті рет жеңіліске ұшыраған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или