ҚПЛ-ға жолдама алған екінші команда белгілі болды
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 2024 жылғы маусыма қатысатын тағы бір команда анықталды, деп жазады Prosports.kz.
Бірінші лиганың 27-туры аясында түркістандық «Тұран» оралдық «Ақжайықты» 1:0 есебімен жеңді.
Осы жеңістен кейін «Тұран» 25 ойында 62 ұпай жинап, 4-орындағы «Ақжайықтан» 14 ұпай ұзап кетті. Түркістандық клуб соңғы 3 турдың бәрінде жеңілсе де, оралдық команда оларды қуып жете алмайды.
Демек «Тұран» ҚПЛ-ға шығуға мерзімінен бұрын мүмкіндік алды.
Айта кетейік, бұған дейін семейлік «Елімай» Премьер-лигаға жолдама алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или