Зайнутдиновтің командасы «Истанбулспорды» сенімді жеңді
8 қазанда Түркия Суперлигасының 8-туры аясында «Бешикташ» пен «Истанбулспор» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Стамбулдағы «Водафон Парк» стадионында өткен ойында «Бешикташ» 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Қос голды Венсан Абубакар мен Рашид Геззаль соқты.
Айта кетейік, «Бешикташ» сапында өнер көрсететін қазақстандық футболшы Бактиер Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шығып, толық матч өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или