«Интер Майами» Мессимен бірге «Цинциннати» командасынан ұтылды

«Интер Майами» Мессимен бірге «Цинциннати» командасынан ұтылды

8 қазанға қараған түні MLS-тің кезекті маусымындағы «Интер Майами» мен Цинциннати арасындағы ойын өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:0 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Кездесуде жеңіс голын Альваро Барреал соқты.

Осылайша, «Интер Майами» плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды. Тұрақты маусымның аяқталуына небәрі екі матч қалды, ал команда үздік 9-дыққа көтеріле алмайды.

Айта кетейік, 55-минутта Интер Майами Лионель Месси алаңға шықты. Аргентиналық ойыншы аяғындағы жарақатына байланысты төрт матчқа қатыспады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или