Винисиус Беллингемнің «Реал Мадридке» ауысуына қалай үлес қосқанын айтты
«Реал Мадрид» вингері Винисиус Жуниор Джуд Беллингем мадридтік клубқа ауыспай жатып онымен сөйлесіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен Джудты «Реалда» көргім келді!» Былтыр Беллингемге көп хабарлама жібердім. Мен оған күнде жазып, «Мадридке кел» деп жүрдім, - деп келтіреді Винисиустың сөзін журналист Фабрицио Романо.
Естеріңізге сала кетейік, Беллингем «Реалға» өткен трансфер кезеңінде 103 миллион еуроға дортмундтық «Боруссиядан» ауысқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или