Дэвид Бекхэм әйелі Викторияның «өтірігін» ашты
Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэм әйелі Викторияның «өтірігін» ашты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Netflix платформасында шыққан спортшы туралы деректі фильмнен алынған үзіндіні Daily Mail жариялады.
Spice Girls тобының бұрынғы әншісі журналистерге берген сұхбатында ешқашан сәнді өмір сүрмегенін және оның ата-анасы қарапайым жұмысшылар екенін айтты. Алайда, есік сыртында әңгімені естіп тұрған Бекхэм оның өтірік айтқанын ескертті.
«Шынайы бол! Әкең сені мектепке немен апарды?» – дейді футболшы әйеліне қарап. — «Әкем...» — деп жауаптан жалтағысы келеді Виктория ыңғайсызданып. «Жоқ, нақты жауап бер! Қандай көлік»? – деп сұрайды күйеуі. «80-жылдары әкемнің Rolls-Royce көлігі болған», - деп мойындады футболшының әйелі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или