Роналду Сауд Арабиясы чемпионатындағы матчта гол соға алмады
Сауд Арабиясы Про-Лигасының 9-турында «Аль-Наср» өз алаңында «Абхамен» тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Эр-Риядта өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
3-минутта Отавио Криштиану Роналдудың пасынан кейін есеп ашты. 28-минутта Андерсон Талиска есепті еселеді. Қонақтар 36-минутта Саад Бгуир соққан пенальтидің арқасында есеп айырмасын қысқартқан, ал 92-минутта Карл Токо Экамби есепті теңестіріп кетті.
Осылайша, «Аль-Насрдың» 10 ойынға жалғасқан жеңісті сериясы аяқталды. Роналдудың Сауд Арабиясы чемпионатындағы алты матчтқа созылған гол соғу сериясы да үзілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или