«Реал Мадрид» пен «Барселона» «Бавария» вингеріне көз тігіп отыр
«Реал Мадрид» пен «Барселона» «Бавария» вингері Лерой Санеге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап.
Футболшының мюнхендік клубпен келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін есептелген. Тараптар жаңа келісімді әлі талқылаған жоқ.
<span>Неміс ойыншысы болашағы туралы шешімді келесі жазда қабылдайды. Дереккөздің мәліметінше, ол «рекордмайстрмен» келісімшартын ұзартуды немесе басқа елдің клубына ауысуды таңдайды.</span>
<span>Сане «Бавария» сапында 2020 жылдан бері. Осы маусымда 27 жастағы вингер барлық турнирлерде 10 матч өткізіп, 6 гол соқты.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или