«Жетісу» футболшысы ҚПЛ-дағы 50-ші матчын өткізді
«Жетісудың» 29 жастағы қорғаушысы Асхат Балтабеков «Ордабасымен» (1:2) өткен матчта Қазақстан Премьер-лигасында талдықорғандық клуб сапындағы 50-ші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Талдықорғандық футбол түлегі Асхат Балтабеков сонау 2010 жылы «Жетісудың» қосалқы құрамындағы алғашқы ойынын өткізген болатын. Оның «Жетісу» құрамындағы Қазақстан Премьер-Лигасындағы дебюті 2021 жылы 13 наурызда Алматыда «Қайратқа» қарсы ойында (0:2) өтті. Жалпы ол бүгінге дейін «Жетісу» сапында 50 кездесу өткізіп, 3 гол соққан.
Қазіргі ойыншылардың арасынан Жетісу рекордшылары:
1. Андрей Пасеченко – 85 кездесу;<br />2. Дидье Борис Кадио – 66;<br />3. Ілияс Әмірсейітов – 65;<br />4. Асхат Балтабеков – 50.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или