«Интер Майами» қожайыны Лионель Мессиге қандай уәде бергенін айтты

«Интер Майами» қожайыны Лионель Мессиге қандай уәде бергенін айтты

«Интер Майами» қожайыны Хорхе Мас аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиге «Барселона» жанкүйерлерімен қоштасу кешін өткізуге уәде бергенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>«Мессидің «Барселонадан» өз еркімен кетпеді, ол өзін бала кезінде қабылдаған клубымен қоштаса алмады, менің ойымша, жағдай Лионель қалағандай болмады. Мен оған алдағы жылдары Барселонадағы жанкүйерлерімен қоштасу мүмкіндігіне ие болу үшін бәрін жасаймын деп уәде бердім. Мүмкін қандай да бір матч өткізетін шығармыз», - деп келтіреді Marca Мастың сөзін.</span>

<span>Естеріңізге сала кетейік, Месси жазғы трансферлік кезеңде «Интер Майамиге» ауысқан еді. Ойыншының клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған. Биылғы маусымда футболшы барлық турнирде 12 матчқа қатысып, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или