Қияли құрама. Легионерлерді «қазақ» қылсақ қайтеді?

Футболдан Қазақстан құрамасы әдеттегідей кезекті іріктеу кезеңінде әлсіз ойын көрсетіп, екі ұпаймен көш соңында қалды. Ұлттық құрама тізгінін қолына алған Юрий Красножан Исландиямен болған ойын соңындағы баспасөз-мәслихатында балалар футболына баса назар аударуды ұсынған болатын. «Бұдан басқа амал жоқ» деді күйінішпен бас бапкеріміз. Дегенмен, тығырықтан амал бар, бірақ ол қысқа мерзімді деп есептейді «PROСПОРТ» тілшісі. Өзге мемлекеттен келген легионерлерге Қазақстан азаматтығын алып беріп, Ұлттық құрамаға шақырту сондай бір тәсіл.

Аладоп әлемінде көзге түскен жат ел футболшысына азаматтық беріп, телегей табыстарға жетіп жатқан құрамалар бар. Солардың бірі, 2014 жылы Бразилия елінде өткен Әлем біріншілігінде топ жарған неміс командасы. Құрамында негізінен өзге ұлт өкілдері еді.

Еліміздің бас командасына қорғаныс пен шабуыл шебінде мықты ойыншылар керек. Осы позицияларды толтыра алатын, Премьер-Лигада доп теуіп жүрген футболшылардың тізімін жасап көрсек қалай болады екен?!

Жарко Маркович

Орталық қорғаушы! Шабуылшының міндетін де атқарып жүрген, "баспен соққыш" Логвиненкоға жұп болуға «Қайраттың» ойыншысы Жарко Маркович әбден лайық. Екі метрлік ұзын бойлы қорғаушы алматылық командада еш қиындық көрмейді. Маркович екінші қабаттағы ойынның басым көпшілігінде ұтады.

Рохер Каньяс

Жартылай қорғаныста бұл футболшының көмегі өте көп болар. 2012 жылдан бері Қазақстан біріншілігінде ойнайтын Каньяс еліміздегі барлық мүмкін болар титулдарды ұтқан. Қарағандылық «Шахтер» сапында Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнаса, енді, міне, елордалық командамен бірге Чемпиондар Лигасының негізігі кезеңіне өтті. Бұл ойыншыны ҚПЛ-дың кез келген бапкері мақтайды. Ұлттық құраманың орталығын жақсы күшейтуші еді, шіркін...

Вилли Евсеев

Теміртау қаласында дүниеге келген Вилли бала кезінде Германияға көшіп кеткен болатын. Қазір тарихи отанының атынан өнер көрсетудің сәті туып тұр. Әрі Қазақстан футбол федерациясында осы ұсыныспен футболшыға хабарласқан көрінеді. Соңғы кездері жарақаттан көз ашпай келген неміс футболшысының болашағы әлі алда. Небәрі 23 жастағы ойыншы Германияның Бундеслигасында өнер көрсеткен болатын. Ал қазір деңгейімен сәл төмендеу екінші Бундеслигада «Нюрнберг» командасының сапында ойнап жүр. Егер Қазақстан құрамасында ойнаса, орталық шепте әжептәуір бәсекелестік тудырар еді.

Шабуыл – отандық футболдың басты қасіреті. Мықты шабуылшының жоқтығы халықаралық ойындарда білінеді. Осы іріктеу кезеңінде соғылған 5 голды қорғаушылар мен жартылай қорғаныстағы футболшылар соққан болатын. Ал шабуыл өтінде ойнайтын Таңат Нөсербаевтың ойыны жүрмей жатыр. Таңатты мықты шабуылшы дей алмаймыз. Щеткин мен Хижниченконың да ойыны мәз емес. Тоқтар Жанғылышбайды Ұлттық құрама сапында ойнату әлі ерте, себебі, жас әрі тәжірибесі аз.

Джордже Деспотович

Ал ҚПЛ-де өнер көрсететін шабуылшылардың ішінен Джордже Деспотович пен Руслан Галиакберовты ерекше атап өтуге болады. Cербиялық футболышының бір ерекшелігі оған гол соғатан жағдай жасап әуре болудың қажеті жоқ. Кез келген жағдайдан гол соға алады. Ал біздің құрамаға дәл осындай ойыншы ауадай қажет.

Руслан Галиакберов

Ресейлік футболшы аз уақыттың ішінде талдықорғандық жанкүйерлердің көзайымына айналды. Русланның статистикасына көз жүгіртсек, 73 минутта бір гол соғады екен. Бұл дегеніміз әр ойында бір голдан. Тамаша көрсеткіш емес пе?

Тағы Ұлттық құрама деңгейінде «Қайрат» ойыншысы Исаэл мен елордалық «Астананың» жартылайқорғаушысы Патрик Твумасидің де ойны ерекше. Әрі пайдасы мол екені де анық. Дегенмен, бұл ойыншылардың Қазақстан құрамасында ойнай қоюы екі талай.

Краснажан бапкердің сөзі рас, тұжырымы - хақ! Назарды балалар футболына аудару керек. Бірақ бұл ұзақ уақытты талап ететін жұмыс. Ал жат ел футболшыларын шақырту уақытша нәрсе екенін естен шығармауға тиіспіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или