Айсұлтан Назарбаев қазақ футболы үшін не істей алады?

Айсұлтан Назарбаев қазақ футболы үшін не істей алады?

Жақында «Астана» және «Сұңқар» футбол клубтарының бұрынғы ойыншысы Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды.

Айсұлтан Назарбаев ҚФФ атқару комитетінің мүшелеріне жазған хатында былай дейді: «Корольдік Құраманың жетекші клубтарында алған тәжірибемді, өз білімімді, күшімді қазақстандық футболдың дамуы үшін қолдануға дайынмын».

Назарбаевтың бұл ұсынысына Қазақстанның спорт қайраткерлері өз пікірлерін айтты.

Павел Новиков, Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, КСРО спорт шебері:

– Жақсы ұсыныс. Ең бастысы, бұл бастамасына бизнес немесе мемлекеттік қызметтер өз кедергісін келтірмесе болғаны. Егер ол бар күшін қазақстандық футболға арнағысы келсе, басқа ештеңеге ойын бөлмеуі тиіс.

Қайрат Зәкірәнов, КСРО спорт шебері:

– Пайдасы тиеді. ҚР үлкен теннис федерациясын алайық. Оны Болат Өтемұратов басқарады, ауқатты кісі. Бірнеше корттар мен теннис Академиясын ашты. Ал волейбол федерациясының тізгінін Нұртай Абықаев ұстайды. Өзінің жоғарыдағы тұғыры арқылы Қазақстанда волейболдың дамуы үшін көп нәрсе жасауда.

Мұндай мысалдар көп. Бұл адамдарда спорттың бір түрін көтеру үшін көп мүмкіндік бар. Футбол федерациясын да қарапайым адам басқармайды, бірақ ол бірнеше қызметті қатар алып жүр, шамасы, қолы босамай жүрген болар. Осындай заңғар есімі бар жас адам келетін болса, біздің футболға пайдасы көп болады.

Мен оған аз уақытта нәтиже үшін легионер шақыруды тоқтатуды ұсынар едім. Балалар футболын түкпір-түкпірде, ауылдарда ашу қажет. Себебі қазіргі балалар уақытын гаджеттер мен компьютердің алдында өткізеді, спортты ұмыта бастады. Егер Айсұлтан, ең алдымен, балалар футболын көтере алса, халықтың ықыласына бөленеді.

Сергей Райлян, спорт шолушысы, комментатор:

– Айсұлтан Назарбаевтың футболды дамыту туралы ұсынысына пікірімді айту қиын, себебі оның жоспарын білмеймін ғой. Өз ойын ҚФФ атқару комитеті мүшелерінің отырысында айтуы керек деп есептеймін.

Мақсаты көп нәрсені өзгерту болса игі. Мысалы, футболымызды келісілген матч секілді масқаралардан аулақ қылу керек. Бірақ оны қалай жасайтыны – үлкен сұрақ.

365info.kz сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или