Зайнутдинов «Бешикташ» сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты
Футболдан Түркия чемпионатының жетінші турында «Бешикташ» сырт алаңда «Коняспормен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Конья қаласында өткен кездесуде 2:0 есебімен «Бешикташ» жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасының және «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шығып, 82-минутта ауыстырылды.
Айта кетейік, «Бешикташ» жеті ойыннан кейін 13 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или