Қазақстан құрамасы капитанының жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Қазақстан құрамасы капитанының жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Бүгін Қазақстан құрамасының капитан Асланбек Шымбергенов Ханчжоудағы (Қытай) жазғы Азия ойындарында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz

Турнирдегі екінші жекпе-жегінде 71 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы өзбекстандық Асаднхудж Мудинхуджаевпен кездесті.

Жарыстың ширек финалындағы кездесуде біздің боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда Шымбергенов Қытай өкілі Пейчен Ванды (4:0) жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или