Астанада Сейілда Байшақовтың мерейтойына арналған матч өтеді

Астанада Сейілда Байшақовтың мерейтойына арналған матч өтеді

Бүгін сағат 17:00-де Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда  КСРО спорт шебері, «Қайраттың» ардагері Сейілда Икрамұлы Байшақовтың 65 жылдық мерейтойына арналған матч өтеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл күні жасыл алаңда Қазақстан футбол федерациясы мен Лига кеңесінің командасы таласқа түседі. Федерация командасы жетекшілер мен қызметкерлер ойнаса, Лига кеңесінің командасында Премьер-лига мен Бірінші лига клубтарының жетекшілері алаңға шығады.

Қазақстан футбол федерациясы командасының сапында мерейтойы иесімен қатар, Азамат Айтқожин, Қанат Мұсатаев, Александр Мазманьян, Бағлан Ергешев, Асқар Әбілдаев, Нүркен Мазбаев, Павел Демян, Карлес Марторелл және т.б алаңға шығады.

Матчты тамашалау барлық жанкүйерлер үшін тегін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или