Қазақстандық таэквондошылар 2022 жылғы Азия ойындарында жүлдесіз қалды

Қазақстандық таэквондошылар Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарының ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің 1/4 финалында екі қазақстандық өнер көрсетті. Эльдар Бірімбай 68 келіге дейінгі салмақта және Нұрай Құсайынова 67 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.
Бірімбай Оңтүстік Корея өкілі Хо-Джун Джинге есе жіберді, ал Нұрай Құсайынова өзбек таэквондошысы Феруза Садықовадан жеңіліп қалды.
2022 жылғы Азия ойындары Ханчжоуда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтіп жатыр.