Станимир Стойлов: «250 мың доллар көлемінде сыйақы алған жоқпын»

«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов команданың УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін өзінің 250 мың доллар көлемінде бонус алғаны туралы бұқаралық ақпарат құрлдарында тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл туралы ол «Астананың» әлемдегі ең беделді турнирдің топтық кезеңіне өтуіне арналған баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

«Меніңше, сіздер «сары басылымдарды» көп оқисыздар. Әзірге ешкім ештеңе алған жоқ», - деп жауап қайтарды елордалық футболшылардың бапкері.

Естеріңізге салып өтсек, бұған дейін ЧЛ топтық кезеңіне жолдама алған «Астананың» 14 млн еуро пайда тапқаны туралы хабарланған еді.

Чемпиондар лигасының С тобы бойынша Қазақстан командасының қарсыластары қатарында «Бенфика» (Лиссабон, Португалия), «Атлетико» (Мадрид, Испания) және «Галатасарай» (Ыстамбұл, Түркия) командалары бар.

«Астананың» жасыл алаңдағы алғашқы жекпе-жегі 15 қыркүйекте Португалияда «Бенфика» клубына қарсы өтеді. Ал 30 қыркүйекте «Астана» өз алаңында кездесу өткізіп, түріктің «Галатасарайын» қабылдайды.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или