Александр Седнев: Сынақты еңсере білсек қана чемпиондыққа лайықпыз
«Ордабасы» бас бапкері Александр Седнев «Астанаға» қарсы матч туралы пікір білдірді.
- Жеңіліс тапқанымыз өте өкінішті. Қақпамыз болмашы голдарды жіберіп алдық. Мұны мен сынақ ретінде қабылдаймын. Егер оны еңсере білсек, чемпиондыққа лайықпыз деген сөз. Ал егер де керісінше болса, лайық емеспіз.
Жанкүйерлер жеңіске әбден лайық болды. Сол үшін де барымызды салдық, бірақ футболда мұндай жағдай болып тұрады. Бәрі мұны түсінеді деп үміттемін. Бұған қоса, лайық емес жеңілістерде кінәні біреуге артпауға күш-бірлігіміз жетеді деген ойдамын.
Қазіргі таңда қателіктерімізді қайталамай, чемпионатты лайықты аяқтауға барымызды салуымыз керек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или