«Қайсар» «Ақтөбені» жолдастық кездесуде жеңді

Бүгін Ақтөбе қаласында еліміздің вице-чемпионымен жолдастық кездесу өткізген Қызылорданың «Қайсары» 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жолдастық кездесу деген аты ғана. Әйтпесе, екі команда да жеңісті қолдан бергілері келмей, жасыл алаңда жандарын салды. Тіпті, футболшыларды сабырға түсіру үшін бас төрешіге екі командадан бір –бір ойыншысын алаңнан қууға мәжбүр болды. «Қайсар» сапында қызыл қағаз алған ойыншы – Сергей Кейлер.

Ал алаң иелерінің қақпасына соғылған екі голдың да авторы алаңға ойын барысында қосылған эстониялық шабуылшы Римо Хунт. «Ақтөбе» сапынан Дмитрий Мирошниченко тура соққысымен көзге түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или