Қазақстан құрамасының бапкері ресейлік клубты тізгіндеуі мүмкін
Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресей Премьер-лигасының клубын жаттықтыруы мүмкін. Бұл жайында «Эспаньол» бұрынғы қорғаушысы әрі павлодарлық «Ертіс» экс-директоры Дмитрий Галямин айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> тілшісі </span>Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан құрамасының тек Адиевтің арқасында жақсы өнер көрсетіп жүруі екіталай, бірақ, әрине, бұл жерде оның сіңірген еңбегі зор. Осындай жұмыстан кейін оны Ресей Премьер-Лигасындағы клубтардың бірінде көретін болсақ, таң қалмас едім. Бірақ топ клубта емес.
Бұл ортаңғол команда бола ма, әлде жоғарғы дивизионда үшін күресіп жатқан команда ма, айту қиын. Бірақ, сөзсіз, жоғарғы лига», - деді Галямин Legalbet.kz тілшісі Дмитрий Бебякинге.
<br /><br />