Месси қай клубта ойнауды армандайтынын айтты

Месси қай клубта ойнауды армандайтынын айтты

«Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси футболдағы алғашқы қадамын жасаған клубта ойнағысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен мұны әрқашан жасағым келді, әсіресе әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін. Бала кезімде осы клубтың алаңында ойнағандықтан, «Ньюэллс Олд Бойзда» өнер көрсетіп, аргентиналық футболдан ләззат алғым келді. Мен сол команда сапында ойнауды армандаймын», - деді Месси.

Месси 2023 жылы 15 шілдеде «Интер Майамиге» ауысты. Оның келісімшарты 2025 жылдың желтоқсанына дейін есептелген. Осы маусымда 36 жастағы футболшы 12 ойында, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы Аргентина құрамасының капитанын 35 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или