Саулюс Ширмялис: «Швейцария құрамасы швейцариялық сағат сияқты ойнайды»

Саулюс Ширмялис: «Швейцария құрамасы швейцариялық сағат сияқты ойнайды»

6 қыркүйек күні Алматыда Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Саулюс Ширмялистің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

7 қыркүйек күні қазақстандық футболшылар 2017 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі екінші ойынын Швейцария жастар құрамасымен өткізеді. 2 қыркүйек күні Сараевода өткен алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговина футболшыларынан 2:1 есебімен басым түсті.

- Ойын алдында біздің жеңісімізге сенгендер аз болды,- дейді Саулюс Ширмялис. – Біздің жетістігіміз Еуропада сенсацияға бағаланды. Босния құрамасында Италия, Бельгия, Хорватия елдерінде ойнайтын футболшылар бар. Босния және Герцеговина құрамасы ФИФА рейтингінде 30-шы орында тұр. Бұл ойында біздің жігіттері мінездерін көрсете алды. Жасыл алаңда бар күшімізді салып, жеңіске жеттік.

- Іріктеу турнирінде біздің команда алдында қандай міндеттер тұр?

- Біздің басты міндет – ұлттық құрамаға ойыншылар дайындау. Өткен іріктеу кезеңі де солай болды. Жеребе тартылғаннан кейін қарсыластарымыздың мықты екенін көріп, бізге қиын болатынын болжады. Алайда, біз көп ұпай жинау үшін бар күшімізді жұмсаймыз.

- Жас ойыншылардың ішінде ұлттық құрамаға кім шақырылуы мүмкін?

-  Мен әзірге бұл туралы айтқым келмейді. Дарынды футболшылардың көз алдымызда жоғалып кететінін кейде көреміз. Оларға әлі де өздерін дәлелдеу керек. Олар үлкен футболды енді бастады. Қазақстанның Премьер-лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Еуропалық іріктеу кезеңінде жас футболшылар халықаралық тәжірибе жинайды.

- Біздің топтағы командаларға қысқаша сипаттама беріп өтесіз бе?

-  Швейцария құрамасы атақты швейцариялық сағатқа ұқсайды. Олардың ойын үлгісі жақсы қалыптасқан. Футболшылардың жастығына қарамастан олар жүйелі ойнайды. Бұл құраманың ойыншылары «Вольфсбург», «Вердер», «Селтик», «Базель», «Грассхопперс» сапында жүр… Швейцариялық жас футболшыларды дайындау деңгейінде серпіліс байқалады. Мұны ұлттық құраманың ойынынан аңғаруға болады. 20 жыл бұрын Швейцарияны қарсылас деп санамады. Ал, қазір олар Бельгия, Исландия, Уэльс сияқты даму жолында үлкен қадам жасады.

Англия құрамасы аса таныстыруды қажет етпейді. Бұл құраманың футболшылары Англияның Премьер-лигасы мен «Чемпионшипта» ойнап жүр. Норвегия құрамасын фаворит санамады. Алайда, олар өз алаңында тамаша ойын өрнегін көрсетіп, Босния және Герцеговина футболшыларын ұтты. Норвегиялық футболшылар екінші голын «Барселона» үлгісінде соқты. Біздің топта бес команда бар. Олардың үшеуі әлемдік рейтингте алғашқы отыздыққа кіреді. Бізге өте қиынға түседі. Алайда, осындай арқылы тәжірибе жиналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или