Юрий Красножан: «Бүгінгі ойын екі командаға да оң нәтиже алып келді»

Исландия - Қазақстан матчынан кейін бас бапкерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан өз командасына баға берді:

- Бүгінгі ойын екі командаға да оң нәтиже алып келді, - дейді Юрий Красножан. Біз сырт алаңда алғашқы ұпайымызды еншіледік. Исландия құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Кездесу соңындағы команданың әрекетіне көңілім толды. Чехиямен өткен ойындағыдай қорғаныста жатып алмады. Ойынды алға қарай жылжытуға тырысып бақты. Исландия құрамасы гол соғатын сәттер бойынша алда болғанымен, ешқайсысы жүз пайыздық мүмкіндік болмады. Соңғы минутта қорғаныста ойнамағанымыз футболшылардың менталитетінің өзгергендігін көрсетеді.

- Бүгін Александр Меркель алғашқы ойынын өткізді. Қандай баға бересіз?

- Александр Меркель алаңға шығып, ойынды тұрақтандырды. Доптан мүлдем айырылған жоқ. Сол себепті оның алғашқы ойынына көңілім толды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или