Қазақстан құрамасы іріктеудегі екінші ұпайын еншіледі

Қазақстан құрамасы іріктеудегі екінші ұпайын еншіледі

Қазақстан ұлттық құрамасы қонақта Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі аясында Исландия командасымен кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Топта көш бастап келе жатқан исландиялықтар үшін бұл матч маңызды болатын, себебі олар Қазақстанды ұтса, тарихында тұңғыш рет Еуропа чемпионатының негізгі турниріне жолдама алатын. Бірақ олардың жағдайын Голландияны тас-талқан еткен Түркия құрамасы жақсартып берді.

Ойын тең дәрежеде басталды. Исландиялықтар допқа иелік еткенімен, алғашқы шабуылды қонақтар жасады. 21-минутта Ұлан Қонысбаевтың пасынан кейін Таңат Нөсербаев соққы жасаған – қақпашы орнында.

Екі команда да қорғаныста мығым ойнап, шабуылда аса белсене қойған жоқ. 33-минутта Гильфи Сигурдссон айып алаңына еніп, соққы бағыттады. Стас Покатилов допты кері қайтарды.

Үзіліске дейін анау айтарлық шабуыл болмай, командалар гол сала алмады.

Екінші тайм исландиялықтардың қауіпті шабуылымен басталды. 47-минутта Йон Бедварссон жойқын соққы жасады, бірақ Покатилов тағы да өз командасын құтқарып қалды.

Алаң иелерінің басымдығы ұлғая түсіп, шабуылдар жиі бола бастады. Бьярнасон, Бедварссон, Гуннарссон қазақстандық қақпашының иелігін нысаналап көрді. Ойын аяқталғанша екі команда да есеп ашатын мүмкіндіктерге ие болды, бірақ оның бірін де пайдана алмады.

Осылайша, Исландия құрамасы нағыз сенсация жасап, құрлықтық біріншілікке жолдама алса, Қазақстан еншісіне екінші ұпайын жазды.

Исландия – Қазақстан 0:0 (0:0)

Исландия: Халльдоурссон, Севарссон, Сигурдссон Р., Арнасон, Скуласон, Бьярнасон, Сигурдссон Г., Бедварссон (Кьяртанссон 85), Гуннарссон, Гудмундссон, Сигторссон

Қазақстан: Покатилов, Малый, Гурман, Смақов, Сүйімбаев, Логвиненко, Қуат, Қонысбаев, Исламхан, Нөсербаев (Щеткин 76), Жолшиев (Меркель, 46)

Ескертулер: Гудмундссон 20, Жолшиев 30, Нөсербаев 40, Сүйімбаев 64, Логвиненко 71, Меркель 75, Гуннарссон 80, Гуннарссон 89 (алаңнан қуылды)

Төрешілер: Арановский, Войтюк, Володин (бәрі де – Украина)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или