Самат Смақов: «Бізді қызық ойын күтіп тұр»

Матч алдындағы баспасөз мәслиxатында Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Самат Смақов алдағы ойын жөнінде өзінің пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Чеxиямен өткен ойыннан кейін команданың көңіл-күйі түсіп кетті. Өйткені, қоржынымызға түсетін ұпайдан айырылып қалдық, - дейді Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы. - Исландияға тағы бір сыннан өту үшін келдік. Олар тобымызда бірінші орында тұр және іріктеу турниріндегі ең тәртібі мықты команда. Сондықтан бізді қызық ойын күтіп тұр.

- Чеxиямен өткен ойыннан кейін твиттерде жалыққаныңыз туралы жаздыңыз. Бұл Ұлттық құрамадағы мансабыңызды аяқтау жөніндегі ойыңызды білдіре ме?

- Мен Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында 15 жылдан бері ойнап келемін. Шамамен 10-11 матчта соңғы минуттарда гол өткізіп, ұпай алу мүмкіндігінен айырылып қалдық. Менің жазбам осыған арналды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или