«Манчестер Сити» бір таймда соққы жасау саны бойынша рекорд орнатты
«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасы 1-турының «Црвена Звезда» командасына қарсы ойынының бірінші таймында (3:1) қақпаға 22 рет соққы жасады. Бұл Чемпиондар лигасындағы бір таймда жасалған соққылар саны бойынша рекорд, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Opta Sports сайтына сілтеме жасап.
Айта кетерлігі, бірінші таймнан кейін 0:1 есебімен жеңілген «қалалықтар» кездесудің екінші жартысында 3 гол соғып тастады. Жалпы матчта «Манчестер Сити» қарсылас қақпасына 37 рет соққы жасаса, «Црвена Звезда» – 3 рет.
«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасындағы келесі ойынын 4 қазанда сыртта «РБ Лейпцигке» қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или