Юрий Красножан: «Жеңіске жетуге деген үмітіміз басым»

Юрий Красножан: «Жеңіске жетуге деген үмітіміз басым»

Исландия мен Қазақстан құрамаларының матчы алдында Юрий Красножанның қатысуымен баспасөз мәслиxаты өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Бұл ойынға командалар әртүрлі көңіл-күймен келіп отыр, - дейді Юрий Красножан. - Исландия құрамасы Нидерланд футболшыларынан басым түссе, біздің ойыншылар Чеxия құрамасына есе жіберді. Іріктеу тобындағы көшбасшы командамен кездесеміз. Бұл ойын наурыз айында өткен матчтан бастап біздің қаншалықты дамығанымызды көрсетеді. Іріктеу кезеңінде жеңіске жетпедік. Сондықтан ертеңгі ойында жеңіске жетуге деген үміт басым.

- Александр Меркельдің жағдайы қалай?

- Біз оның Қазақстан құрамасында ойнау құқығын дәлелдейтін құжаттарды алдық. Ол Исландия құрамасымен өтетін ойынға дайындалып жатқан 23 ойыншыдан тұратын тізімге қосылды. Бүгінгі кеште ештеңе өзгермесе, ол ертең алаңға шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или