Юрген Клопп Германия құрамасын баптаудан неге бас тартқанын айтты
«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп маман Юлиан Нагельсманнның Германия құрамасын баптауы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Менің ойымша, Юлин - тамаша шешім. Ол керемет жаттықтырушы. Жасы? Бұл маңызды емес. 28 жасында ол өзінің мықты жаттықтырушы екенін дәлелдеп үлгерді. Оның ең жоғары деңгейде 8 жылдық тәжірибесі бар - басқалары бұған 45-50 жаста ғана қол жеткізеді.
Мен Ливерпульмен біргенмен, менің жүрегім осында. Соңғы 8 жылды қиып тастауға болмайды. Командамен келісім-шартқа отырдым. Сондықтан менің Ливерпульден кетуім мүмкін емес», - деп келтіреді RTL Клопптың сөзін.
56 жастағы бапкердің «Ливерпульмен» келісім шарты 2026 жылдың маусым айының соңына дейін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или