Чемпиондар лигасы басталды. Төрт топтың матчтары өтті
Қазақстан уақыты бойынша 19-нан 20-на қараған түні F, G, H, E квартеттерінде УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-ші турының ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
H тобы
Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-турындағы ойында «Барселона» өз алаңында «Антверпенді» жеңді - 5:0.
Каталониялықтар сапында Жоао Феликс дубль жасаса, Роберт Левандовски мен Гави бір голдан соқты. Бельгиялық жартылай қорғаушы Йелле Батайлле автогол авторы атанды.
Параллельді кездесуде «Порту» «Шахтерді» жеңді - 3:1. Ойын Гамбургтегі бейтарап алаңда өтті. Галено «Порту» сапында екі гол соқты, тағы бір голды Мехди Тареми торға тоғытты. «Шахтердің» жалғыз голын Кевин Келче соқты.
F тобы
ПСЖ Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-тур матчында өз алаңында Дортмундтың «Боруссиясын» ұтты - 2:0.
Килиан Мбаппе 49-минутта пенальтиден дәлдік танытса, Ашраф Хакими 58-минутта есепті еселеді.
Параллельді матчта «Милан» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-ші турында «Ньюкаслмен» қарсыласының қақпасына 25 рет соққы бағыттағанына қарамастан, 0:0 есебімен тең түсті.
Г тобы
«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-тур ойынында өз алаңында «Црвена Звезданы» жеңді - 3:1.
Бірінші таймның аяғында қақпаға бір ғана соққымен гол соққан қонақтар ойында есеп ашты. «Ман Сити» матчтың бірінші жартысында 22 соққы жасап, Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты.
Параллель кездесуде «РБ Лейпциг» сырт алаңда «Янг Бойзды» жеңді.
Е тобы
«Атлетико» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-ші турындағы ойында «Лационы» жеңе алмады.
Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Параллельді ойында «Фейеноорд» өз алаңында «Селтикті» 2:0 есебімен ұтты.