Марк Гурман: «Исландия құрамасына финалдық кезеңге өтуді тілейміз»

Матч алдындағы баспасөз-мәслихатында құрама қорғаушысы Марк Гурман өз командасының алдағы ойында қарсыластың үш ұпай алмауы үшін бар күшін салатынын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Чехия құрамасына қарсы матчта ұпай еншілейтін мүмкіндігіміз болған, бірақ біз оны жіберіп алдық. Соған қатты өкінеміз, сондықтан жігіттердің көңіл-күйі керемет емес. Енді ЕУРО-2016 турнирінің негізгі кезеңінен бір орын алып қоюы үшін бір ғана жеңіс жетіспей тұрған тобымыздың фаворитімен кездесеміз. Өз кезегімізде, біз Исландия құрамасына финалдық кезеңге өтуді тілейміз, бірақ бүгін бізді жеңе алмауы үшін бар күшімізді саламыз», - деді Гурман.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или