Давид де Хеа карьерасын Испанияда жалғастыруы мүмкін
«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы қақпашысы, қазір еркін агент атанған Давид де Хеа карьерасын Испанияда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Fichajes мәліметінще, 32 жастағы футболшыға «Бетис» қызығушылық танытып отыр. Бұған дейін қақпашыға БАӘ, Катар және Мексика клубтары қызығушылық танытып жатқаны хабарланған болатын.
2022/2023 маусымында де Хеа «Манчестер Юнайтед» сапында барлық турнирлерде 58 матч өткізді. Ойыншының «Манчестер Юнайтедпен» келісімшарты осы жылы маусым айының соңында аяқталды. Тараптар келісімді ұзартпау туралы шешім қабылдады.
Transfermarkt порталы ойыншыны 13 миллион еуроға бағалап отыр. Де Хеа англиялық клубта 2011 жылдан бері ойнап келді.
«Бетис» бес матчтан жеті ұпай жинап, Ла Лигада тоғызыншы орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или