Хеймир Халгримссон: «Қазақстан құрамасы мықты қарсылас саналады»

«Лаугардалсвеллур» стадионында Исландия құрамасының бас бапкері Хеймир Халгримссон және құрама ойыншылары Арон Гунарссон мен Колбейн Сигторссонның қатысуымен матч алдындағы баспасөз мәслихаты өтті.

Исландия құрамасының бас бапкері Қазақстан құрамасының мықты екенін атап өтіп, алдағы ойынның маңыздылығына тоқталды.

- Қазақстан құрамасы соңғы матчтан кейін өзгерді. Мықты команда, - дейді Хеймир Халгримссон. - Чехиямен өткен ойында қазақстандық футболшылар жақсы футбол көрсетті. Қазақстан - Исландия матчы да мені таңғалдырды. Қазақстан дамудың дұрыс жолымен келеді.

- Түркия мен Нидерланд құрамалары ертерек ойнайды. Матч тең аяқталса, ЕУРО-2016 турниріне бірден жолдама аласыз. Сол матчтың нәтижесі бүгінгі ойынға әсер ете ме?

- Қатар өтіп жатқан кездесулердің нәтижесі біз үшін маңызды емес. Түркия - Нидерланд құрамаларының нәтижесіне қарамай, жеңіске жетуге тырысамыз.

Исландия құрамасының жартылай қорғаушысы Колбейн Сигторссон Еуропа Чемпионатына жолдама алудың маңыздылығын атап өтсе, Исландия құрамасының капитаны Арон Гунарссон Қазақстан құрамасының қиын қарсылас екеніне мән берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или