Ринат Алюетов - Бірінші Лиганың тамыз айындағы үздік бапкері

Ринат Алюетов - Бірінші Лиганың тамыз айындағы үздік бапкері

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылдың тамыз айындағы Бірінші лиганың үздік бапкерін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік бапкерді командалардың бапкерлері дауыс беру арқылы анықтады.

14 бапкердің 9-ы дауыстарын «Жеңістің» бас бапкері Ринат Алюетовке берді. Тамыз айында елордалық клуб төрт ойында 8 ұпай жинады.

Екінші орында жарыстың көшбасшысы «Елімай» командасының бапкері Владимир Никитенко тұр. 

Сонымен қатар, сауалнама қорытындысы бойынша Эдуард Глазунов («Жас Қыран»), Сапар Қарынбаев («Астана Ж») және Нұрмат Мырзабаев («Тараз») бір дауыстан жинады.

Кім кімге дауыс берді:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или